Алматы әуежайында жүк бөлімінің қызметкері 33 телефонды ұрлаған

Сурет: polisia.kz
15 қыркүйекте Алматы әуежайындағы көліктегі полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері бұрын сотталған 27 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz

Ол қызметтін пайдалана отырып, құны қымбат телефондарының ұрлығымен айналысқан.

Ұрлықпен айналысқан азамат әуе компаниялардың бірінің жүк бөлімінде жұмыс істей жүріп, мамыр және шілде айлары аралығында Стамбұлдан келетін смартфондарды қолды етіп жүрген.

Көлік полицейлерінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары мен кәсіби біліктілігінің арқасында күдікті деп танылған азаматтың қылмыстық әрекетіне тосқауыл қойылды.

Аталған азамат жалпы 33 телефонды ұрлаған. Ал келтірілген залалдың жалпы сомасы 7 664 315 теңге болды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында залал толық көлемде өтелді.

"Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады полиция департаменті.

Көліктегі полиция департаменті көлік инфрақұрылымы нысандарындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтар мен ұйымдардың мүлкіне қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты