Жұмыс іздеушілерге тұзақ: полиция қазақстандықтарды сақ болуға шақырады

Фото: pexels
Абай облысының полиция департаменті интернет арқылы aлаяқтық жасайтын жағдайлардың көбейгенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

NoFake.kz порталының мәліметінше, вакансия жариялағандай көрінетін алдамшылар танымал сайттар мен әлеуметтік желілерге хабарландыру орналастырып, жұмыс іздеушілерге жалған сайттар мен қосымшалардың сілтемелерін жібереді.

"Осындай хабарландыруларға жауап берген азаматтарға кейін жалған сайттар немесе анкеталардың сілтемелері жолданады. Кей жағдайларда алаяқтар "жұмысқа қажет" деп мобильді қосымша орнатуды сұрайды, бірақ ол қосымша зиянды бағдарламалық вирустарға толы болып шығады", – деп түсіндірді облыстық полиция.

Кейбір оқиғаларда азаматтар шетелде жұмысқа орналастыруды сылтауратып, еңбек немесе жыныстық құлдыққа түсіп қалған.

Бұған дейін ШҚО-да жаңа туған сәбиді орталыққа шұғыл жеткізу үшін тікұшақ қажет болғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

ІІМ электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір үлгілерін бекітті

Абай облысында жоғалған ер адамның денесі бес күннен кейін иен даладан табылды

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған