"Екі апта ғана бірге тұрдық". Қаза тапқан елордалық фельдшердің күйеуі желіде жантебірентерлік жазба жариялады

Сурет: threads.com/@zeineladilet
Қызмет бабы барысында қаза тапқан елордалық фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел желідегі парақшасында жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өз жазбасында сүйіктісімен жеті жыл жүргенін, ал отбасын құрғандарына небәрі екі-ақ апта болғанын жеткізеді.

"Махаббатым менің… Біз алғаш 2017 жылы кездестік, бірақ Алланың қалауымен үйлену тойымыз тек 2025 жылы болды. Өзің бізбен екі апта ғана болдың, бірақ жанымда 20 жыл болғандай із қалдырдың… Баршаға риясыз күлкің мен шынайылықты, адалдықты, жүрек жылуын және шексіз сүйіспеншілікті сыйладың. Біз сені жақсы көреміз. Сені сүйемін. Өзіңді қатты сағындым. Оқыған әрбір дұғам, оқыған әрбір Құраным сенің қабіріңді жылытып, зиратыңды жарыққа толтырсың", делінген Threads-тегі Әділет Зейнелдің жазбасында.

Айта кетсек, 2025 жылы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылы бойындағы тұрғын үй кешенінің сыртқы кірпіш қаптамасы опырылып, үйінді астында қалған адамдарды құтқару кезінде қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы фельдшерінің басына кондиционер қондырғысы құлаған. Ол ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілген. 12 қарашада денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов фельдшердің жағдайы ауыр күйінде қалып отырғанын айтқан. Ал бүгін, 18 қарашада 23 жастағы жас келіншектің қайтыс болғаны белгілі болды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты. Мемлекет басышысы Жарлығымен Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты