"Қорғас" аймағында 2027 жылға дейін 33 жоба іске қосылады

Фото: Zakon.kz
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2025 жылғы 25 қарашада өткен Үкімет отырысында "Қорғас" аймағын дамыту жөніндегі жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министр "Қорғас" тораптық кешенінің арнайы экономикалық аймақ мәртебесіне ие екенін, оның құрамына "Қорғас" халықаралық шекаралас ынтымақтастық орталығы және "Қорғас – Шығыс қақпалары" СЭЗ-і кіретінін еске салды.

"Қорғас тораптық кешенінің барлық қажетті инфрақұрылымдық базалық нысандары жұмыс істеп тұр. "Қорғас" Халықаралық шекаралас ынтымақтастық орталығы СЭЗ аумағында жалпы сомасы 234,4 млрд теңге болатын 41 жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта 8 жоба жалпы құны 17 млрд теңгеге пайдалануға берілген. Қалған 33 жоба іске асырылу сатысында және 2027 жылға дейін аяқталуы жоспарланып отыр", – деді Шаққалиев.

Оның айтуынша, инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізілуде: блочно-модульді қазандықтар орнатылған, газдандыру жүргізілген.

""Қорғас" ШЫХО аумағындағы кварталішілік жолдарды қайта құру, абаттандыру және жасыл желектерді отырғызу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді", – деп қосты министр.

Сондай-ақ, министр "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығын дамыту жөнінде хабарлады.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті