Жылдар бойы су бармаған жерлерге су жетті: Түркістан облысында "Найман" каналы бетонмен нығайтылды

Сурет: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігі
"Қазсушар" РМК-ның Түркістан филиалы Ордабасы ауданындағы "Найман" каналын бетондау жұмыстарын аяқтады. , деп хабарлайды Zakon.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, жоба аясында "Найман" каналында ұзындығы 17,6 км, "Қара ой" каналында 5,8 км және Р-1 каналында 1,7 км болатын учаскелер бетонмен қапталды.

Жыл соңына дейін канал бойындағы көпірлер мен су құбырлары құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұл нысан Ордабасы ауданындағы 2000 гектар суармалы жерді, сондай-ақ аудан орталығы мен Қажымұқан ауылының жеке қосалқы шаруашылық учаскелерін сумен қамтамасыз етеді. "Найман" каналын реконструкциялау жобасы суармалы сумен қамтамасыз етілетін аумақты ұлғайтып, тасымалдау кезінде су шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

"Реконструкцияға дейін бұл нысан жер арық каналы болатын, кей жерлері қамыс басып кеткен еді. Бетондау жұмыстарының нәтижесінде вегетация кезеңінде "Найман" каналы арқылы су көптен бері бармаған алқаптарға дейін жетті", – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Бұған дейін Түркістан облысында суармалы суға деген қажеттілік жыл сайын артып келе жатқаны хабарланған еді.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді