Президент: Бизнестің мүддесі мен құқығын қорғау мәселесі – біздің алдымызда тұрған аса маңызды міндет

Сурет: akorda.kz
Сотта қаралған істердің жартысынан көбі азаматтар мен бизнестің пайдасына шешілуде. Бұл туралы мемлекет басшысы бизнес өкілдерімен өткен жиында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бизнестің мүддесі мен құқығын қорғау мәселесі – біздің алдымызда тұрған аса маңызды міндет.

"Соңғы жылдары құқық және сот жүйесін жаңғырту үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Әкімшілік әділет институты пайда болды. Бұл бастамалар қазірдің өзінде жақсы нәтиже бере бастады. Сотта қаралған істердің жартысынан көбі азаматтар мен бизнестің пайдасына шешілуде. Бизнесті негізсіз тексерулер мен заңсыз қылмыстық қудалаудың алдын алу бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатыр. Экономикалық қылмыстарды декриминализациялау жүргізілді",- деді ол.

Президенттің пікірінше, мұның бәрі "Заң мен тәртіп" қағидатының орныға түсуіне ықпал етеді.

"Бас Прокуратураның Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитеті жыл соңына дейін Инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі комитет болып өзгереді. Ірі инвесторларға арналған "Жасыл дәліз" жүйесі іске қосылды. Енді оларға рұқсатнама құжаттары тез берілетін болды". Мемлекет басшысы

Бұған дейін биыл кәсіпкерлерге 2 трлн теңгеге жуық қолдау көрсетілгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады