Каспий теңізіне форель шабақтары жіберілді

Фото: Zakon.kz
Тәуелсіздік күні қарсаңында Каспий теңізіне форель балығының шабақтары жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"24 kz" арнасының мәліметінше, Маңғыстау облысының Қарақия ауданында теңіз аквакультураcын дамытуға бағытталған кезекті кезең басталды. Теңіз аумағында диаметрі 120 метрден асатын торлы қондырғылар орнатылып, онда балықтар табиғи ортада өсіріледі.

Теңіздегі торларға 60 мыңнан астам шабақ жіберілді. Қазіргі уақытта онда шамамен 12 тоннаға жуық балық өсіп жатыр.

"Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып, экономиканың дамуына, агроөнеркәсіп саласын қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді", – делінген репортажда.

Бұл – Қазақстан мен Орталық Азия аумағындағы теңіз шаруашылығы бойынша алғашқы ауқымды жоба. Алдағы жылы мұнда алғашқы 300 тонна балық алу жоспарланса, 2029 жылға қарай өндіріс көлемін жылына 5 мың тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Айта кетейік, желтоқсан айының басында Дағыстан аумағындағы Каспий жағалауынан өлі итбалықтар табылған болатын. Ал 12 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий мен Арал теңіздерін бірлесіп қорғау жөнінде ұсыныс білдірген еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін