Қазақстанда алтын мен мыс өндіру көлемі артты

Фото: пресс-служба Национального банка РК
2025 жылғы 17 желтоқсанда өткен Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков өңдеу өнеркәсібіндегі өсім туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олжас Сапарбековтің айтуынша, 11 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында жалпы көрсеткіші 5,9 пайызды құрайтын оң серпін байқалып отыр.

"Металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, жеңіл өнеркәсіп және өңдеу саласының өзге де бағыттарында өндірістік көрсеткіштер өсті. Металлургия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі алтын, мыс, болат және шойын өндірісінің артуы есебінен 1,1 пайызға ұлғайды", – деп толықтырды ол.

Аталған оң динамика, негізінен, отандық өндірістік қуаттардың жүктемесін арттыруға, сондай-ақ қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етуді жақсартуға бағытталған қабылданған шаралардың нәтижесі екені атап өтілді.

Сондай-ақ вице-министр машина жасау саласындағы өсімнің 11,6 пайызды құрағанын айтты. Бұл көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, сондай-ақ әртүрлі жабдықтар мен тұрмыстық техниканы өндіру көлемінің артуымен байланысты.

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин биылғы жылдың қаңтар–қараша айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсімі 6,4 пайызды құрағанын мәлімдеген болатын. Нақты сектордағы өсім 8,3 пайызға жетіп, қызмет көрсету саласындағы өсімнен (5,3 пайыз) жоғары болды.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай