Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі көмір қоры – шамамен 33 миллиард тонна екенін атап өтті.
"Соған қарамастан, біз жаңартылатын қуат көздерін дамытуға баса назар аударып отырмыз. Соңғы 5 жылда осы салаға 2,5 миллиард долларға жуық инвестиция салынды. Соның нәтижесінде энергетика секторындағы жаңартылатын қуат көздерінің үлесі 7 пайыздан асты. Экологиялық тұрғыдан таза энергия өндірісін одан әрі дамыту үшін әлемдік ең үздік компаниялармен әріптестік орнаттық", – деді Президент.
Бұған дейін Қазақстан президентінің атом электр станциясының құрылысын стратегиялық шешім деп атағанын жазғанбыз.