Еліміздің үш қаласында ауа сапасының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды

Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 21 желтоқсанға арналған еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2025 жылғы 21 желтоқсанда Ақтөбе, Астана және түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Қала тұрғындарына сыртта, әсіресе тас жолдар мен басқа да ластанатын көздер маңында ұзақ болмауға кеңес беріледі. Сондай-ақ созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге ала жүру ұсынылады.

Бұған дейін синоптиктер бүгін, 21 желтоқсанда еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.

Ақтөбе
Атырау
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі