Астана әкімі құрылыс компанияларына қатысты жазаны қатаңдату керектігін айтты

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек 2025 жылғы 22 желтоқсанда ОКҚ-да өткен брифинг барысында елордада рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеңіс Қасымбек қазіргі уақытта Астанада 300-ден астам тұрғын үй кешені салынып жатқанын атап өтті. Олардың арасында рұқсат құжаттарынсыз құрылысты бастап кеткендері барын да жоққа шығармады.

"Негізгі проблема - жер телімі мәселелері реттелмеген. Мысалы, мына арада бұрын 10-15 саяжай немесе жеке үйлер болған болуы мүмкін. Олардың ішінен, мысалы, сегізін сатып алып, ал екеуін көндіре алмаған дегендей. Мұндай құрылысқа ресми түрде рұқсат берілмейді. Құрылыс салуға талон берілмейді. Біз сотқа жүгінеміз, ал олар айыппұл төлеп, құрылысты жалғастыра береді. Айыппұлдардың көлемін арттыру керек, әйтпесе айыппұлдардың қазіргі мөлшері жеткіліксіз деп санаймын: құрылыс компаниялары одан қорықпайды", - деді Астана қаласының әкімі.

Бұған дейін Астанада LRT жоспарланған мерзімнен ертерек іске қосылуы мүмкін екенін жазғанбыз.

Астана
Қасымбек Жеңіс

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек