2026 жылы Астанада қай ескі тұрғын үйлер сүрілуге жатқызылады - әкім жауабы

Сурет: freepik
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек 2025 жылғы 22 желтоқсанда ОКҚ-да өткен брифинг барысында елордадағы апатты тұрғын үйлерді сүру кезінде қандай басымдықтарға мән берілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Астанада тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы қабылданғанын еске салды.

"2026 жылы бұл бағдарлама Байқоңыр ауданында – Уәлиханов көшесінің сыртында, "Артем" базарына қарама-қарсы ауданда, Кенесары бойымен Есіл өзеніне қарай белсенді түрде жүргізіледі, соғыстан кейін салынған ескі жеке үйлер көп, 21 учаске анықталды", деп сөзін толықтырды әкім.

Оның айтуынша, мұндай жағдай әкімдікке тиімді, өйткені ол арада су, электр желісі және басқа да коммуникациялар сынды инфрақұрылым бар.

"Біз ескі тұрғын үйлерді сүретін боламыз. Тұрғындарға ақшалай өтемақы төленеді немесе жаңадан тұрғызылған тұрғын үйлерден пәтер алады. Біз бұл бағдарламаны Бас жоспар аясында жүргіземіз. Жаңа тұрғын үй құрылысына арналған жаңа учаскелер бұрынғыға қарағанда аздап бөлінетін болады, онда да бұл негізінен әлеуметтік нысандар, ал жаңа тұрғын үй құрылысы сүрілген ескі тұрғын үйлердің орнынан бой көтеретін болады", деп сөзін түйіндеді Астана әкімі.

Бұған дейін Жеңіс Қасымбек елордада рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендеріне қатысты пікір білдірген болатын.

Астана
Қасымбек Жеңіс

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды