Ержан Біржанов елдегі іскерлік белсенділіктің артқанын мәлімдеді.
"Жеке кәсіпкерлер жаппай жабылып, басқа бағыттарға ауысып жатыр деген ақпарат дұрыс емес. Өткен жылмен салыстырғанда, керісінше, 150 мың бизнес-субъекті қосылған. Мысалы, 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда оң сальдо 50 мыңнан аз болған. Керісінше, Салық кодексін енгізумен жеке кәсіпкерлер жабылғандарынан гөрі, ашылғандары көп – бұл статистика", – деді ол.
Вице-министр қандай жеке кәсіпкерлердің жабылуға өтініш бергенін түсіндірді.
"Жеңілдетілген жүйе бойынша жұмыс істейтін кейбір бизнесті жабу мүмкіндігі бар. Мен әрдайым айтатынмын, бір бизнестің жанында екі-үш ЖК жүретін, олар бизнесті ҚҚС-қа көшуінен сақтайтын, яғни серіктестер. Кейде дүкендер немесе кейбір нысандардың иелері қызметкерлеріне ЖК ашты. Қазір бұл қажет емес, өйткені принциптерді өзгерттік. Бұрын жеңілдетілген жүйеде ҚҚС шегі 20 мың АЕК-ға дейін болады. Жеңілдетілген жүйеде жұмыс істейтіндер үшін бұл кедергі болды – ешкім ҚҚС төлегісі келмейтін еді, сондықтан олар бөлініп жұмыс істейтін. Енді В2С шегінде 2,5 млрд-қа дейін заңды түрде жұмыс істеу мүмкіндігі бар, осылайша бөлінуге қажеттілік туындамайды", – деп түсіндірді спикер.
Бұған дейін Маңғыстау облысында заңсыз киік тасымалдаған күдікті ұсталғанын жазғанбыз.