Спикер қияр бағасының өсімі Жаңа жыл мерекесі алдындағы және мерекелік кезеңге сай туындаған сұраныстың артуына байланысты ажиотажға байланысты болуы мүмкін екенін атап өтті.
"Сыртқа шығыңыздар, көшеде әлі де қар бар. Қиярды жылыжайда өсіру қажет, ал онда мүлде басқа шығындар. Содан кейін оңтүстік өңірдегі бағаны қарау керек. Қияр өндірісі үшін жауапты орган – Ауыл шаруашылығы министрлігі. Біз қанша импорттаймыз, қаншалықты импорттамаймыз, қай жерде қамтамасыз етілгенімізді, қай жерде жоқтығын қарауымыз қажет", – деді Әбілдабеков.
Журналистердің "қиярдың килограмы 2300 теңге – қалыпты баға ма?" деген сұрағына ол бағалауды адекваттылық тұрғысынан жасамайтынын айтып, бұған дейін мұндай баға туралы білмегенін мойындады.
"Мүмкін. Мен баға өседі деп айтпаймын. Түсініңіздер, біз нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз. Баға бізде электр энергиясы, коммуналдық қызметтер, жанар-жағар майға реттеледі. Ал азық-түлік бағасы реттелмейді. Біздің министрлік тек сауда үстемеақысын қадағалайды. Біз 90-жылдары нарықтық экономика боламыз деп жариялағандықтан, жоспарлы экономикаға қайта орала алмаймыз. Барлық бағаны бекіте алмаймыз", – деді ол.
Сондай-ақ министр ішкі сауда субъектілері барлық тауарлардың бағасын өз бетінше белгілейтінін, тек әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына ғана шектеу қойылатынын атап өтті.
Бұған дейін Қазақстан сәбіз экспортына тыйым салатыны хабарланған болатын.