2025 жылы балаларға берілетін жәрдемақылар: қазақстандықтарға шамамен 807 млрд теңге төленді

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда 2025 жылы бала тууына және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оны күтіп-бағуына байланысты мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ МӘСҚ есебінен төленетін әлеуметтік төлемдермен 565,7 мың адам қамтылды. Төлемдердің жалпы сомасы 806,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 21 қаңтарда, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылы республикалық бюджеттен барлығы 61,1 млрд теңге сомасында 338 мың адам қамтылды, оның ішінде желтоқсан айында 4,7 млрд теңге сомасында 25,9 мың адам алды. Бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.

Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмаған жағдайда туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар, егер олар басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалары бар адамдардың (отбасылардың) бала күтіміне байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар. Есепті кезеңде 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақымен 44 млрд теңге сомасына орта есеппен 125,3 мың адам қамтылды, оның ішінде желтоқсан айында 3,8 млрд теңге сомасында 128,9 мың адам алды.

Бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) байланысты белгіленеді.

2025 жылы бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:

Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленді:

Бұдан басқа жұмыс істейтін азаматтарға жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілгенге дейінгі соңғы 12 ай ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кіріске және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.

Аталған біржолғы төлемді 2025 жылы жалпы сомасы 276,2 млрд теңгеге 200,8 мың адам алды, оның ішінде желтоқсан айында 16,3 млрд теңге сомасында 17,1 мың адамға берілді. Есепті кезеңде тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 415 135 теңгені құрады.

Сондай-ақ МӘСҚ-дан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға баланың туған күнінен бастап тағайындалады. Төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40%-н құрайды. Екі және одан да көп бала туған жағдайда төлем әр балаға жеке тағайындалады.

2025 жылда бұл төлем 425,5 млрд теңгеге 239,6 мың адамға тағайындалды. Оның ішінде желтоқсан айында 16,4 мың алушыға тағайындалған төлем сомасы 33,1 млрд теңгені құрады. Есепті кезеңде төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 85 993 теңгені құрады.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды