Прокуратура әкесін ұрып өлтірген түркістандықтың үкімін қатаңдатуды сұрады

Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысы Шардара ауданы Қоссейіт ауылында әкесін ұрып-соғып, азаптаған 41 жастағы Алмас Садақбаев 5 жылға сотталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот Садақбаевты "Қинау" және "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" баптарымен кінәлі деп таныған.

Түркістан облыстық прокуратурасының хабарлауынша, сотталған азаматқа қатысты шығарылған үкімге апелляциялық наразылық жолданған.


"Түркістан облысында Жетісай аудандық сотының 2026 жылғы 16 қаңтардағы үкімімен әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып келген ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен келіспеген Шардара ауданының прокуратурасы жазаны қатаңдату туралы өтінішхатпен апелляциялық наразылық келтірді", – деп мәлімдеді облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысы Жетісай аудандық сотында 2026 жылы 16 қаңтарда Қоссейіт ауылының 41 жастағы тұрғыны Алмас Садақбаевқа қатысты үкім шығарды. Ол қарт әкесін ұрып-соққаны үшін айыпталды және әкесінің кейіннен қайтыс болғаны белгілі болды.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды