ҚБТУ ғимараты мемлекет меншігіне өтті

Сурет: kbtu.edu.kz
NNEF қоғамдық қоры Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) орналасқан ғимаратты өз еркімен және өтеусіз негізде мемлекеттік меншікке берді. Құжатқа сәйкес, ҚБТУ акциялары әлі де NNEF қорының меншігінде сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта Қор Алматы әкімдігімен ғимаратты университетке сенімгерлік басқаруға беру туралы келіссөздерді жалғастырып жатыр.

"ҚБТУ-дың тарихи ғимараты Алматы мен Қазақстан үшін маңызды сәулеттік және мәдени құндылық болып есептеледі. Оның мемлекеттік меншікке өтуі объектіні ұзақ мерзімді сақтауға және ұқыпты басқаруға бағытталған жауапты шешім ретінде бағаланады", – делінген хабарламада.

Қор мен ҚБТУ университеттің техникалық білім беру саласындағы көшбасшылығын нығайтуға арналған даму стратегиясын әзірлеп, іске асырып жатыр.

"Стратегия аясында студенттер мен оқытушыларға заманауи және қолайлы жағдайлар жасайтын жаңа оқу кампусы салынады", – деп хабарлады NNEF қоғамдық қоры.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

4 қарашадағы Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы валюта бағамы