TikTok-та "емшілікпен" айналысқан қазақстандық түрмеге тоғытылды

Фото: unsplash
Астана қаласының тұрғыны "TikTok" әлеуметтік желісінде өзін "емші" ретінде таныстырып, экстрасенсорлық қабілеттері арқылы емдеу қызметтерін ұсынған аккаунт ашқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, әлеуметтік желілер арқылы жәбірленушілердің бірінің денсаулығына қатысты мәселелері бар екенін білген ол, өзін ерекше қабілеттерге ие тұлға ретінде көрсетіп, белгілі бір ақыға "емдеу" қызметін көрсете алатынына сендірген.

"Осылайша, кінәлі 3 жәбірленушіден жалпы сомасы 5,5 млн теңгеден асатын ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденіп, оны букмекерлік кеңселерде ставка жасауға жұмсаған". Астана қаласының прокуратурасы

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды ішінара өтеген.

Сот үкімімен кінәлі адам 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік