Маңғыстау облысында сталкинг деректері тіркелді

Фото: unsplash
Маңғыстау облысында полицейлер азаматтарды заңсыз қудалау деректері бойынша тексеру жүргізуде.

Полиция мәліметінше, 2026 жылғы 13 қаңтарда облыстық полиция департаментіне "Е-өтініш" ақпараттық жүйесі арқылы 1987 жылы туған азаматша өзінің бұрынғы танысын жауапкершілікке тарту туралы арызбен жүгінген.

Жәбірленушінің айтуынша, ол күдіктімен 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап қарым-қатынаста болған.

Алайда 2025 жылы арадағы қатынас тоқтатылғанына қарамастан, ер адам оның еркіне қарсы байланыс орнатуға әрекет жасап, аңдып, заңсыз қудалауын жалғастырған.

Аталған дерек бойынша Мұнайлы ауданы полиция бөлімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Заңсыз қудалау" бабымен қылмыстық іс тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жәбірленушінің бұған дейін де полицияға жүгінгені анықталды.

Атап айтқанда, 2025 жылдың сәуір айында орын алған дерек бойынша күдікті ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынған.

Сонымен қатар, 2025 жылдың мамыр айында жәбірленушінің арызы негізінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған.

Полиция ұсынған бейнежазбаларға сәйкес, заңсыз қудалау деректері 2025 жылдың шілде айына дейін орын алғаны анықталды. Ведомство мәліметінше, сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2025 жылғы 16 шілдеде енгізілген.

Конституция талаптарына сәйкес жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін заңдардың кері күші болмайды. Сонымен қатар өңірде сталкингке қатысты тағы бір дерек тіркелді. 2026 жылғы 3 ақпанда Ақтау қаласы полиция басқармасына Маңғыстау облысының тұрғыны арызданған.

Арызда оның бұрынғы танысы 2024 жылдың қазан айынан бастап жәбірленушінің қарсылығына қарамастан, оны қудалап, әртүрлі абоненттік нөмірлерден бірнеше рет қоңырау шалып, байланыс орнатуға тырысқаны көрсетілген. Сондай-ақ күдікті жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына, жұмыс орнына және Ақтау қаласындағы ойын-сауық орындарына барып, мазасын алған.

Жәбірленушінің айтуынша, күдікті әртүрлі нөмірлерден шамамен 300 рет қоңырау шалған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Заңсыз қудалау" бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысында күдіктіге қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, профилактикалық есепке қойылғаны анықталды.

Алайда ол заңсыз әрекеттерін тоқтатпай, жәбірленушіні қудалауын жалғастырған. Осыған байланысты қорғау нұсқамасын бұзу дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта азамат Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Негізгі заңға жасалатын өзгерістер жаңа Конституция қабылдауды қажет етеді

Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өрт кезінде жоғалып кетті

Қазақстанның 12 қаласында ауа ластанады

Алматы тұрғыны жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды

Жаңаөзенде ер адам өзінің әйелін өлтірді деген күдікке ілінді - марқұмның артында жеті баласы қалды