Балаға арналған мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдер: 2026 жылғы жаңа мөлшер

Фото: pexels
2026 жылы мемлекеттік жәрдемақылар мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСК) есебінен бала туу және оны 1,5 жасқа дейін күтуге арналған төлемдермен 164,1 мың қазақстандық қамтылды деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ЕХӘҚМ) баспасөз қызметі мәліметіне сәйкес, осы мақсатқа бағытталған жалпы қаражат сомасы 59,2 млрд теңгені құрады.

Министрліктің ведомствосының бейсенбі, 2026 жылғы 12 ақпандағы хабарламасында былай делінген:

Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2026 жылғы қаңтар айында республикалық бюджеттен 5,6 млрд теңге сомаға 28,5 мың адам алды. Бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.

Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмаған жағдайда туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар, егер олар басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалары бар адамдардың (отбасылардың) бала күтіміне байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар. 2026 жылғы қаңтар айында 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақымен 4,2 млрд теңге сомасына 130,2 мың адам алды.

Бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) байланысты белгіленеді. 2026 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 10%-ға индекстелген.

Бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:

Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:

Бұдан басқа жұмыс істейтін азаматтарға жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілгенге дейінгі соңғы 12 ай ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кіріске және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.

Аталған біржолғы төлемді 2026 жылдың қаңтар айында жалпы сомасы 16,8 млрд теңгеге 17,4 мың адам алды. Есепті кезеңде тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 160 626 теңгені құрады.

Сондай-ақ МӘСҚ-дан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға баланың туған күнінен бастап тағайындалады. Төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40%-н құрайды. Екі және одан да көп бала туған жағдайда төлем әр балаға жеке тағайындалады.

2026 жылдың қаңтар айында бұл төлем 16,5 мың адамға тағайындалып, жалпы сомасы 32,6 млрд теңгеге жүзеге асырылды. Есепті кезеңде төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері – 78 294 теңге.

Алматы
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды

ЖТС мөлшерлемелері, мүгедектігі бар адамдарға арналған жеңілдіктер: жаңа Салық кодексінде не қарастырылған

Қазан айында Алматыда электр қуатының бағасы өсуі мүмкін

Синоптиктер еліміз бойынша 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Алматыда ашық аспан астында әскери техникалар музейі ашылды - фоторепортаж