Алматыда метроның жаңа бекетіне дейінгі тоннель қазу жұмыстары аяқталды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда қолданыстағы "Бауыржан Момышұлы" метро бекеті мен жаңа "Қалқаман" бекеті арасындағы ұзындығы 1593 метр болатын оң жақ бағыттағы тоннельді қазу жұмыстары толық аяқталды.

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта теміржол тұтас табанды технология бойынша төселіп жатыр. Сол жақ бағыттағы тоннель толық дайын: онда рельстер мен байланыс рельсі орнатылып, барлық инженерлік желілер монтаждалған.

Сонымен қатар "Қалқаман" бекеті ғимаратының құрылысы аяқталып, бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Пойыз қозғалысын автоматтандырылған басқару жүйесін қоса алғанда, әлемдік жетекші өндірушілердің жабдықтары жеткізілген. Жақын арада оларды орнату және баптау кезеңі басталады.

Бас мердігер ұйымның өкілі Мұрат Үкшебаевтың айтуынша, қала басшылығы қойған міндетке сәйкес нысан құрылысы тәулік бойы жүргізілуде. Нормативтік мерзім 24 ай болғанына қарамастан, бекеттің негізгі құрылысы шамамен 11 ай ішінде жүзеге асырылды.

Құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды