Астана және өзге де өңірдің тұрғындарын көгілдір отынмен қамту жұмысы қарқынды жүруде

Фото: pxhere
2026 жылы 40 газдандыру жобасы 32 мың қазақстандықты "көк отынмен" қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, биыл 10 ауылдағы 32 мыңнан астам адам газға қол жеткізетін болады. Бұл жобалар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау мен Жетісу өңірлерін қамтиды.

"Бас қаланы газдандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде",- делінген ақпаратта.

Қазіргі таңда Астанада 300 мың тұрғынның 290 мыңы газбен қамтылған. Биыл "Шұбар", "Үркер", "Өндіріс", "Пригородный" және "Garden Village" тұрғын массивтерін қосып, қаланы газдандыру жұмыстары толық аяқталады. Сонымен қатар, 2026-2027 жылдары Кызылсуат, Қаражар және Тайтөбе елдімекендеріне газ жеткізіліп, тағы 26 мың адам қамтылатын болады.

Сурет: ҚР Энергетика министрлігі

Қосымша тауарлық газ көлемін қамтамасыз ету мақсатында "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральді газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңі салынуда. Жыл соңына дейін жылына 10 млрд кубометр газ өткізе алатын құбырдың желілік бөлігін аяқтау көзделуде.

"Екінші кезеңде компрессорлық стансалар салу қарастырылған, бұл газ құбырының өткізу қабілетін жылына 15 млрд кубометрге дейін арттыруға мүмкіндік береді".ҚР Энергетика министрлігі

Бұған дейін Түркістан облысында 14 лауазымды тұлғаға қатысты үкім шыққанын жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды