Қазақстанның ауыл шаруашылығына 63 мың маман қажет

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында елдің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға деген қажеттілігін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің болжамына сәйкес, 2030 жылға дейін жалпы 883 мың маман қажет болады, оның ішінде 63 мың адам, яғни 7%-ы – агроөнеркәсіптік кешенге арналған.

"Агроөнеркәсіптік кешен мамандарына қажеттіліктің 88%-ын біліксіз немесе жұмысшы кадрлары құрайды, ал 12%-ы – жоғары білімді мамандар", – делінген жауапта.

Сонымен қатар, премьер-министр атап өткендей, ауыл шаруашылығы саласы үшін кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл сайын ұлғайып келеді.

2025 жылы "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" бағытында 3 018 грант қарастырылған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 67 грантқа көп, ал "Ветеринария" бағытында – 1 451 грант, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 271 грантқа артық.

"Сонымен қатар, 2021 жылы ауылдық квота көлемі 30%-дан 35%-ға дейін ұлғайтылды. Аграрлық мамандықтар үшін ҰБТ минималды шекті балы 60-тан 50-ге төмендетілді. Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" бағыты бойынша 310 грант және "Ветеринария" бағыты бойынша 92 грант бөлді", – деп қосты Бектенов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге 94 млрд теңге инвестиция бағытталмақ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін