Мексикадағы тәртіпсіздіктер: СІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

Сурет: pexels
2026 жылғы 22 ақпанда Мексиканың бірнеше штатында жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Күрделі ахуал бірқатар курорттық қалаларда да қалыптасты. Бұл туралы Zakon.kz сауалына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (СІМ) мәлімдеді.

Елдегі тұрақсыздыққа "Халисконың жаңа буыны" деп аталатын ірі қылмыстық топ жетекшісі Рубен Немесио Осегера Сервантестің (лақап аты – Эль Менчо) жойылуы себеп болған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін билік армия мен ұлттық гвардия күштерін жұмылдырды.

2026 жылғы 23 ақпанда СІМ Zakon.kz-ке берген түсініктемесінде Қазақстанның Мексикадағы елшілігі жағдайдың даму барысын мұқият бақылап отырғанын және отандастармен тұрақты байланыс орнатқанын хабарлады.

"Қазақстан азаматтарына сабыр сақтап, қырағылық танытып, қауіпсіз орындарда болу ұсынылады", – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Мексикадағы елшілікте 35 қазақстандық консулдық есепте тұр.

Айта кетейік, Эль Менчо әлемдегі ең қауіпті әрі іздеуде жүрген есірткі қылмыскерлерінің бірі саналған. Оның басшылығымен аталған топ халықаралық деңгейде есірткі тасымалын (әсіресе фентанил), бәсекелес топтарға және күштік құрылымдарға қарулы шабуылдарды, сондай-ақ жоғары технологиялы қару қолдануды кеңейткен.

Бұған дейін 2026 жылдың қаңтар айының басында Мексика президенті Клаудия Шейнбаум АҚШ тарапынан ықтимал шабуыл қаупіне қатысты пікір білдірген еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!