Астана халықаралық әуежайы 15 сәуірден бастап жұмыс тәртібін өзгертеді

Фото: Zakon.kz
Астана халықаралық әуежайы 2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында ұшу-қону жолағында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуе айлағының хабарлауынша, көрсетілген кезеңде ұшу-қону жолағы күн сайын жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін уақытша жабылады.

"Жұмыстар жоспарлы сипатқа ие және аэродром инфрақұрылымы мен жарық-сигналдық жабдықтарды пайдалану жағдайында ұстауға, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған", – делінген Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарында.

Жөндеу жұмыстары кезінде аталған уақыт аралығында орындалатын барлық тұрақты халықаралық және ішкі рейстер тәуліктің ертерек немесе кешірек уақытына ауыстырылған.

Кестеге енгізілген барлық өзгерістер әуе компанияларымен және уәкілетті мемлекеттік органдармен алдын ала келісілген.

Әуежай уақытша шектеулерден тыс кезеңде штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Бұған дейін Түркістан әуежайына қатысты сот ірі көлемде айыппұл салғаны хабарланған еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда криптовалютаны сатып алу және сату ережелері қашан реттеледі

Еститін мемлекет: министрлердің халықпен кездесуі қалай өтеді

"Күн 48 градусқа дейін ысиды". Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстан тарихында бірінші рет қайғылы оқиғаға түрткі тайғақ жол үшін құзырлы мекеме басшысы жазаланды

"Күн 41 градусқа дейін ысиды". Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды