Қазақстанда жүктілік және босану бойынша төлем: өтінішті қайда және қалай беруге болады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы 6 наурызда "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) баспасөз қызметі жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлем туралы айтып, оған үміткер азаматтардың өтінішті электрондық үкімет порталы арқылы қалай бере алатынын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰАТ мәліметінше, болашақ аналар жүктілік пен босануға, сондай-ақ жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда тағайындалатын әлеуметтік төлемге өтінішті egov.kz порталы және eGov mobile қосымшасы арқылы бере алады.

"Қызмет көрсету мерзімі – 8 жұмыс күні. Төлем тағайындалғаны туралы және оның сомасы көрсетілген хабарлама немесе бас тарту жөніндегі дәлелді жауап egov.kz порталындағы жеке кабинетке және eGov mobile қосымшасындағы "Хабарламалар" бөліміне жіберіледі", – деп нақтылады компанияның баспасөз қызметі.

eGov.kz порталында жүктілік және босану бойынша төлемге қалай өтініш беруге болады?

ҰАТ өкілдерінің айтуынша, онлайн өтінішті сәтті беру үшін медициналық ұйым еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (аурухана парағы) туралы мәліметті Жүкті әйелдер тіркелімі жүйесіне енгізуі қажет. Сонымен қатар болашақ ананың Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі электрондық мәліметтері жұмыс берушінің кадр қызметі тарапынан толтырылуы тиіс.

Айта кетейік, 2026 жылғы 2 наурызда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша төленетін жәрдемақы көлемі туралы мәлімет берген болатын.

Алматы
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі