2026 жылы Шекара қызметінің әскери жиындарына қанша қазақстандық шақырылады

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті "2026 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаға сәйкес, 270 әскери міндетті азамат Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің Жетісу, Жамбыл және Атырау облыстарындағы департаменттеріне 30 күнтізбелік күн мерзімге әскери жиындарға шақырылады.

Ведомствоның мәліметінше, әскери жиындар әскери міндетті азаматтардың білімін, біліктілігі мен дағдыларын сақтау және жетілдіру, сондай-ақ жүктелген міндеттерді орындауға дайындық деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.

Құжат жобасы 2026 жылғы 26 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

Айта кетейік, өткен жылы да әскери жиындарға дәл осындай – 270 қазақстандық шақырылған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін