Астана, Алматы және Атырауда сайлаушылардың белсенділігі жоғары – байқаушылар мәліметі

Фото: Zakon.kz
Республикалық референдумда Астана мен Алматы қалаларының және Атырау облысының тұрғындары ерекше қарқын танытып отыр.

Бұл туралы дауыс беру учаскелеріндегі байқаушыларға сілтеме жасап, Қоғамдық коммуникациялар орталығы хабарлады.

Тұрғындар саяси науқанға тек жеке өзі емес, туған-туыстарымен, достарымен және әріптестерімен бірге топтасып келуде.

Көптеген азаматтардың мерекелік көңіл-күймен ұлттық нақыштағы киімдер киіп келгені байқалады.

Кейбір учаскелерде дауыс берушілердің кезегі пайда болғанына қарамастан, халық арасында мерекелік ахуал мен салтанатты сезім басым.

Қазақстандықтар бұл референдумның ел тарихындағы маңызы зор екенін терең түсініп, өз таңдауларын жасауға жауапкершілікпен қарауда.

Қазақстан
Қазақстандағы референдум
Алматы
Референдум-2026
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді