Еліміздегі су қоймаларынан су ағызу жүргізілуде

Фото: unsplash
Су ресурстары және ирригация министрлігі 2026 жылғы 16 наурызда еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, ведомство тасқын суын қабылдап, қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық өңірлеріндегі ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр.

Бүгінгі күн бойынша жағдай келесідей қалыптасуда.

Ақмола облысында Сілеті су қоймасынан секундына 1,74 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 1,16 текше метр су жіберілуде.

Ақтөбе облысында Ақтөбе су қоймасынан секундына 1 текше метр және Қарғалы су қоймасынан секундына 0,3 текше метр су жіберіліп жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 36%-ға толы.

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 552 текше метр, ал Өскемен су қоймасынан секундына 421 текше метр су жіберілуде.

Абай облысында Шүлбі су қоймасынан секундына 651 текше метр су жіберілуде.

Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасынан секундына 5 текше метр, Бітік су қоймасынан секундына 14 текше метр, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 2 текше метрден су жіберілуде.

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 3 текше метр, Самарқанд су қоймасынан секундына 3 текше метр су жіберілуде.

Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр және Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 15,8 текше метр, Петропавл су қоймасынан 13,9 текше метр су жіберілуде.

Бұған дейін Павлодар облысында заңсыз айналымнан аса ірі мөлшерде есірткі заттары тәркіленгенін жазғанбыз.

Қарағанды
Қостанай
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бүгін түндердің сұлтаны - Қадір түні: дұғалар мен амалдар жиынтығы

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Тоқаев референдум ашық әрі әділ болғанын айтты

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды