Қазақстандық әртістер жарнамалаған киномектептің төңірегінде жанжал өршіді

Фото: pexels
"Жан продакшн" тағы да жанжалдың ортасында. Киностудияның Алматы және Шымкент филиалдарына біраз ата-ананың өкпесі қара қазандай. Әрқайсысы 1,5 млн теңгеден шығындалған жұрт ақшасын даулап жатыр. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Алматы мен Шымкенттік ата-аналар балалары басты рөлде ойнау үшін "Жан продакшн" киностудиясына әрқайсысы 1 млн 600 мың теңгеден беріп, келісімшарт жасасқан. Ал қаржы таппағандар үшін киностудия бөліп төлеуді ұсыныпты. Орталық алдымен балаларға сабақ өтіп, кейін түсірілімдер болатынын айтқан. Алайда сабақты да толық өтпепті. Атақ пен мадаққа ие боламын деген олар қазір ақшаларын қайтара алмай әділдік іздеп, полиция есігін қағып жүр. Олар жарнама жасаған актер де, орталыққа қатысты барлық адам заң алдында жауап беруін талап етіп отыр.

"Жетінші арна" тілшісіне берген сұхбатында актер Жан Байжанбаев студияда есімі болғанымен оған түк қатысы жоқ екенін айтқан.

Ал Алматы жергілікті полициясы шағымдар түскенін растап, осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Қазіргі таңда бұл дерек бойынша ҚК 190-бабы 3-тармағы бойынша, яғни бірнеше рет жасалған алаяқтық дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде".Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі

Бұған дейін Қазақстанда оқушыларға арналған жаңа оқулықтар шығарылатындығын жазғанбыз.

Қазақстан
Шымкент
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты