Абай облысында есірткі қылмысына қатысы бар 10 күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Абай облысында полиция қызметкерлері есірткіге қарсы жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірде жыл басынан бері есірткі айналымына байланысты 28 қылмыс анықталып, барлық дерек бойынша қажетті процессуалдық шаралар қабылданып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар 29 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, оларға қатысы бар тұлғаларды анықтау және жауапқа тарту бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде.

Заңсыз айналымнан 51 келі әртүрлі есірткі және психотроптық заттар алынды. Есірткі жеткізу арналарының анықталуы мен жойылуына ерекше мән берілуде. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде синтетикалық есірткі жеткізудің екі тұрақты арнасы толықтай жойылды. Есірткі қылмысын жасаған 10 адам ұсталды, соның ішінде синтетикалық есірткі заңсыз сақтаған екі азамат бар.

Осыған орай Абай облысы полиция департаменті есірткі қылмысына тосқауыл қою мақсатында профилактикалық жұмысқа ерекше мән беріп келеді. Білім беру ұйымдарында дәрістер, деректі фильмдер көрсетілімдері өткізіліп, акциялар, флешмобтар және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты