Жаңа Конституция күні Қазақстанда мереке күні болып бекітілмек

Фото: akorda.kz
Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай 2026 жылғы 19 наурызда Сенаттағы брифингте жаңа Конституция бойынша референдум өткізілген күн мемлекеттік мереке болып жарияланып, демалыс күні болатынын хабарлады, деп жазады Zakon.kz тілшісі.

Вице-министрдің сөзінше, референдумда қабылданған жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден күшіне енеді.

"Конституция мәтінінде референдум өткізілген күн мемлекеттік мереке болып жарияланатыны, яғни күнтізбеде "қызыл күн" болатыны көрсетілген", – деді Виктория Шегай.

Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, барлық қазақстандық студенттер жаңа Конституцияның нормаларын оқитын болады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді