Жалған инвестициядан сақ болыңыз: полиция азаматтарға үндеу жасады

Фото: freepik
Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде, түрлі интернет-платформалар мен мессенджерлерде "оңай табыс", "тез пайда", "қаржыны қысқа уақытта көбейту", "инвестиция арқылы жоғары кіріс табу" деген мазмұндағы жарнамалар жиі кездеседі.

Мұндай хабарламалар сырт көзге тартымды көрінгенімен, көп жағдайда олардың артында кәсіби алаяқтар тұрады. Әдетте мұндай алаяқтық схемасы бір қарағанда сенімді көрінеді. Алдымен азаматтың назары жарнамаға аударылады.

Сілтемеге өткен адам тіркеліп, байланыс деректерін қалдырады. Осыдан кейін өздерін "қаржы маманы", "инвестициялық компания қызметкері", "жеке менеджер" немесе "сарапшы" ретінде таныстыратын тұлғалар хабарласып, түрлі қаржылық ұсыныстар айта бастайды.

Көп жағдайда алдымен азаматқа аз ғана қаражат салу ұсынылады. Біраз уақыттан кейін экранда немесе жалған платформада "табыс" көрсетіліп, салынған қаражаттың өскені туралы ақпарат беріледі. Осы арқылы алаяқтар адамның сеніміне кіріп, оны одан да көп қаражат салуға итермелейді. Кейін азамат ірі сомада ақша аударған соң, қаражатын кері қайтармақ болған кезде түрлі сылтаулар айтыла бастайды.

Мысалы:

Салдарынан жәбірленуші бірнеше мәрте ақша аударып, ақырында алданып қалғанын кеш түсінеді. Мұндай қылмыстардың қауіптілігі – алаяқтар психологиялық ықпал ету тәсілдерін өте шебер қолданады. Кейде тіпті алғашқы кезде шағын соманы қайтарып беріп, өздерінің "адалдығына" сендіріп алады. Осыдан кейін азамат күдігін сейілтіп, көбірек қаражат салуға бейім болады.

Полиция азаматтарға ескертеді: ешбір шынайы инвестициялық ұйым әлеуметтік желідегі күмәнді жарнамалар арқылы тез әрі кепілді табыс уәде етпейді. Қаржы саласында тәуекел әрдайым болады. Ал "100 пайыз пайда", "кепілдендірілген кіріс", "аз уақытта мол табыс" деген ұсыныстар – алаяқтықтың ең басты белгілерінің бірі.

Интернет-алаяқтар көбінесе мынадай әдістерді қолданады:

Осындай жағдайларға тап болмас үшін азаматтар сақтық шараларын қатаң ұстануы қажет. Ең алдымен, әлеуметтік желідегі күмәнді жарнамаларға сенбеу керек. Егер қандай да бір инвестициялық ұсыныс түссе, компания туралы ақпаратты бірнеше дереккөз арқылы мұқият тексерген жөн.

Ұйымның ресми тіркелуі, лицензиясы, нақты кеңсесі, ресми сайты мен заңды жауапкершілігі болуы тиіс. Тек жарнамадағы әдемі уәде мен белгісіз адамдардың сөзіне сенуге болмайды.

Есіңізде болсын: Жеңіл табыс уәдесі – көбіне алаяқтың құралы. Күмәнді инвестиция – нақты пайда емес, нақты қауіп. Сақтық – қаржылық қауіпсіздіктің басты кепілі. Алаяқтық белгілері байқалған жағдайда дереу "102" арнасына хабарласыңыз.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі