Қазақстанға 34 градусқа дейін аптап ыстық келеді

Фото: pixabay
Ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 28–30 сәуірге арналған ауа райы болжамында мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, алдағы үш күнде найзағайлы жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта жаңбыр және сулы қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

"Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, сондай-ақ жел күшейеді. Түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі", – делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Сонымен қатар солтүстік және орталық өңірлерде бұл күндері негізінен ашық әрі құрғақ ауа райы сақталады.

Оңтүстік өңірлерде 28–29 сәуір аралығында жауын-шашынсыз ауа райы күтілсе, шығыс аймақтарда 29–30 сәуір күндері жауын-шашын болмайды.

Бұдан бөлек, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Температуралық көрсеткіштерге келсек, батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 28–29 сәуір түнгі уақытта ауа температурасы -3°C-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.

Күндізгі уақытта ауа температурасы біртіндеп көтеріледі:

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 27 сәуірге арналған дауылды ескерту жариялаған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді