Алматыда бюджеттен қаржы жымқырған жеке сот орындаушысы сотталды

Фото: Zakon.kz
Алматы прокуратурасы жеке сот орындаушыларының қызметіне жүргізілген тексеру барысында бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анықталғандай, жеке сот орындаушысы өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, 2024 жыл ішінде алимент өндіру бойынша атқарушылық іс жүргізулер шеңберінде өз қызметіне ақы ретінде бюджеттен заңсыз түрде 4,2 млн теңге алған.

"Бір атқарушылық іс жүргізу бойынша төлем жылына бір реттен артық төленбеуі тиіс деген заң талаптарын бұза отырып, сот орындаушысы Әділет департаментіне 47 атқарушылық іс бойынша 76 рет қайталама есеп жолдап, сол арқылы ақшалай қаражатты заңсыз алған. Алмалы аудандық сотының үкімімен кінәлі тұлға 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, 5 жыл мерзімге тиісті қызметпен айналысу құқығынан айырылды",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Ақтөбе облысында қозғалтқыш сатып алмақ болған фермер алаяқтың құрығына түскенін жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанның бес өңірінде қар жауып, жолдар тайғақ болады