Биылдан бастап 10, 20 жылдық көліктерге салық 30%-ға азаяды

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Көлік салығы былтырғы айлық есептік көрсеткіш бойынша есептеледі. Еске саламыз салық сомасы қозғалтқыш көлеміне және көлікке иелік еткен уақытқа байланысты анықталады.

Дәлірек айтсақ, жеңіл көліктерге салынатын салық 1 айлық есептік көрсеткіштен басталады. Мәселен қозғалтқышы 1500 текше сантиметрден асса, әр қосымша текше сантиметр үшін 7 теңгеден үстеме қосылады, деп жазады qazaqstan.tv.

Яғни, қозлғалтқыш көлемі төрт мың текше сантиметрден жоғары көлік иелері мемлекетке 117 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салық төлейді.

Биылдан бастап 10, 20 жылдық көліктерге салық 30%-ға азаяды, ал 20 жылдан асқан көліктер үшін екі есе төмендетіледі.

Егер транспортты жыл ішінде сатып алсаңыз немесе сатсаңыз, салық тек өзіңіз иелік еткен айлар үшін ғана есептеледі.

Соғыс ардагерлері, мүгедектігі бар адамдар, мемлекеттік награда иегерлері және кейбір көпбалалы аналар салықтан босатылады. Ал зейнеткерлерге арнайы жеңілдік қарастырылмаған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді