Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісетіндер саны артып келеді

Фото: akorda.kz
Соңғы бір жыл ішінде Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі донорлық жағдайларының саны шамамен төрт есе өскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Трансплантация орталығы дәрігерлерінің мәліметінше, тек 2026 жылдың бірінші тоқсанында ғана қайтыс болған адамдардың донорлық ағзалары 22 науқастың өмірін сақтап қалған. "Astana TV" дерегінше, қазіргі таңда күту тізімінде әлі де төрт мыңнан астам адам бар.

Ұлттық ғылыми онкология орталығының трансплантолог-хирургы Шоқан Айтбаевтың айтуынша, бір адамның өмірін сақтап қалу үшін шамамен 150 маман еңбек етеді. Ал операцияның өзіне шамамен 12 адам қатысады.

"Бұл процеске донорлық стационарлар, сондай-ақ донорлар мен ағзаларды тасымалдауға жауапты арнайы бригадалар қатысады. Қазіргі таңда елімізде қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісетіндер саны артып келеді, сондай-ақ туыстары да жиі келісім беріп жатыр. Бұл – жақындарының арасында донор бола алатын адам жоқ науқастар үшін аса маңызды", – деді дәрігер.

2026 жылдың алғашқы тоқсанында барлығы 77 трансплантация жасалған: оның 55-і тірі донордан, ал 22-сі қайтыс болғаннан кейінгі донордан алынған ағзалар арқылы жүзеге асырылған.

Дәрігер Жанат Спатаевтың сөзінше, елімізде трансплантациялық үйлестіру жүйесі жолға қойылған. Алайда донорлықтың одан әрі дамуына қоғамдағы стереотиптер кедергі келтіріп отыр. Әлеуметтік желілердегі жағымсыз пікірлер мен "жасырын операциялар" туралы мифтер де дәрігерлердің жұмысына кері әсерін тигізуде.

Бұған дейін Астанада эвакуатор аялдамаға соғылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Елімізде жыл басынан бері адам саудасына байланысты 72 қылмыс анықталды

Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Дәрігерлер Қазақстандағы онкологиялық аурулар бойынша алаңдатарлық статистиканы жариялады