Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

Сурет: Ж.Жұмабеков, Т.Таныбаев
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленген Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараға Парламент фракциялары мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Олар ерлікпен қаза тапқан қаһармандардың рухына тағзым етіп, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сурет: Ж.Жұмабеков, Т.Таныбаев

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов – қазақтың маңдайына біткен даңқты ұшқышы, авиация генерал-майоры. 305 рет әскери шабуылға шығып, ерліктің шынайы үлгісін паш еткен біртуар батыр. Сонымен қатар ол үш мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.

Сурет: Ж. Жұмабеков, Т. Таныбаев

Аты аңызға айналған ұшқыштың ескерткіші елорданың Сарыарқа ауданындағы батырдың құрметіне берілген көшедегі саябақта орналасқан.

Сурет: Ж. Жұмабеков, Т. Таныбаев

Сурет: Ж. Жұмабеков, Т. Таныбаев

Бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов, Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Жеңіс күніне орай Астанадағы "Отан Ана" монументіне гүл шоқтарын қойған болатын.

Ұлы Жеңіс
Астана
Қошанов Ерлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаштың орындауындағы түрікше ән бірнеше елдің чарттарын бағындыруда

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Мемлекеттік білім беру гранты иегерлеренің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

Сақтандыру қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді