Қазақстандық полицейлер Barbie Girl хитін "жаңаша" орындап, желіні шулатты

Сурет: Instagram/wejiton и zhitiqara_polisia_bolimi, polisia_kostanay
Қостанай облысы полиция департаментінің (ПД) қызметкерлері Aqua тобының 1990-шы жылдардың аяғындағы танымал әуені - "Barbie Girl" -ді жаңаша орындап, азаматтарға креативті үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есірткі жасырып кетушілерге арналған видеоролик 2026 жылғы 12 мамырда Қостанай полициясының Instagram парақшасында жарияланды.

"Есірткі заттарының заңсыз айналымы қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Егер сіз осы жолды таңдасаңыз, бұл ән сізге арналған", – деді полиция қызметкері.

Бейнеде тәртіп сақшылары есірткі жасырушыларды не күтіп тұрғанын әуен арқылы жеткізіп, оны АЖӘО қызметкерлерімен (арнайы жедел әрекет ету отряды) қызықты етіп көрсете білді.

Видео желі қолданушыларының көңілінен шығып, түрлі пікір жинады:

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі (ІІМ) мектеп оқушылары мен студенттерге арнап үндеу жасағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Сәрсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Мектептер мен колледждердегі білім беру стандарттары өзгерді