Өзен жағасындағы кездейсоқ олжадан соң қазақстандық 121 мың теңге айыппұл төлейді

Фото: pixabay
Өзен маңынан табылған өсімдік Жамбыл облысының тұрғынын жауапкершілікке тартуға себеп болды. Бұл туралы 2026 жылғы 13 мамырда соттың Telegram-арнасында мәлім болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, есірткі заттарын медициналық емес мақсатта қолдану фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық ісі (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабы 1-бөлігі) Жуалы аудандық сотында қаралған.

"Сот қаулысымен С. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 121 мың теңге көлемінде айыппұл салынды". Жамбыл облысы Жуалы аудандық соты

Сот анықтағандай, ер адам Жуалы ауданындағы Жұрымбай ауылы маңынан ағып өтетін Теріс өзенінің жағасында серуендеп жүріп, отын жинамақ болған. Сол кезде ол өсіп тұрған гашишті тауып алған.

"Кейін ол табылған өсімдікті шегіп, полицияның назарына іліккен. Кінәсі хаттамамен, тараптардың түсініктемелерімен және медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденді. Сотта С. өз кінәсін мойындап, бұл шөптің есірткі екенін білгенін айтты". Жамбыл облысы Жуалы аудандық соты

Сотта қаулының заңды күшіне енгені де хабарланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі