Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанда микро және шағын бизнеске қатысты маңызды жаңалықты жариялады

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда микро және шағын бизнеске арналған салықтық қолдау шаралары 2026 жылы да жалғасады. Бұл туралы 14 мамырда Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені төмендету және кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдай жасау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылы микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтық әкімшілендіруді оңайлату шараларын жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында микро және шағын бизнес субъектілеріне қатысты салық заңнамасында белгіленген мерзімдерде төленбеген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер сомаcына, оның ішінде аванстық және ағымдағы төлемдер бойынша өсімпұл есептелмейді.

Бұл ретте аталған шара төлем көзінен ұсталатын салықтарға, импортталатын акцизделетін тауарларға салынатын акциздерге, импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығына, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерге қолданылмайды.

Жоғарыда көрсетілген салық кезеңі бойынша өсімпұл есептеу 2026 жылғы 31 желтоқсаннан кейін мынадай:

Қабылданған шара салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіруге, кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға, сондай-ақ сенім мен ашықтық негізінде мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтуға бағытталған.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға басқа өңірге көшу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі

ШҚО-да махаббаттан басталған оқиға сотпен аяқталды

Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жапон даласында шырқалмақ

Көлік министрлігіне жаңа функциялар жүктелді

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді