Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған маңызды құжатқа - мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың Telegram-арнасынан белгілі болды.

"Екіжақты келіссөздер мен Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысының қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Режеп Тайип Ердоған Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойды".

Сондай-ақ, екі елдің ресми делегация мүшелері мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейдегі құжаттармен алмасты:

  1. 1995 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттама;
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды құру, аталған мәдени орталықтардың жұмыс істеуі және қызметі туралы келісім;
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім;
  4. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен TAV Holding компаниясы арасындағы инвестициялық келісім;
  5. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі арасындағы "Абай-Акиф" бірлескен бағдарламасын құру ниеті туралы келісім;
  6. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Түркия Республикасы Ұлттық білім министрлігі арасындағы Қазақстан Республикасында "Маариф" Түрік қорының екі мектебін ашу ниеті туралы меморандум;
  7. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына қарасты "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Түркия Телерадио корпорациясы (ТРТ) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  8. Аурухана құрылысын қаржыландыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;
  9. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ пен Türkiye Petrolleri Anonim Ortaklığı арасындағы мұнай сервисі қызметтерін көрсету мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы келісім;
  10. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ пен Türkiye Petrolleri Anonim Ortaklığı арасындағы мұнай-газ жобаларын бірлесіп іске асыру мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
  11. "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Ыстанбұл қаржы орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  12. "АНКА" ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіретін және оларға сервистік қызмет көрсететін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;

Сонымен қатар Түркия Президентінің мемлекеттік сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

Бұған дейін жазғанымыздай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 14 мамырда елімізге ресми сапармен келген Түркия президентін Қожа Ахмет Ясауи атындағы мәртебелі орденмен марапаттады. Режеп Тайип Ердоған – бұл орденнің тұңғыш иегері.

Қазақстан
Түркия
Астана
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі