Қазақстанда мектеп бітіру кештерін мейрамханаларда өткізуге тыйым салынды

Фото: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 26 мамырда Үкімет отырысында мектеп бітіру кештерін өткізу тәртібі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, мектеп түлектеріне аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі 17–18 маусым күндері өтеді.

"Бітіру іс-шараларын өткізу тек білім беру ұйымдарының базасында қарастырылған. Мейрамханаларда, кафелерде және банкет залдарында бітіру кештерін ұйымдастыруға, сондай-ақ заңсыз ақша жинауға тыйым салынады. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығы қабылданды. Әкімдіктер бұл мәселені ішкі істер органдарымен бірлесіп қатаң бақылауда ұстауы қажет", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Еске салайық, 2026 жылғы 25 мамырда Қазақстанның барлық мектептерінде 2025–2026 оқу жылы аяқталды. Мыңдаған түлек үшін бұл күн ерекше әрі маңызды сәтке айналып, елдегі білім беру ұйымдарында соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиындар өтті.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Қазақстанда ауқымды полицейлік іс-шаралар жүргізілуде: алғашқы күндердің нәтижесі белгілі болды