Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы дәрі қашан дайын болады

Фото: pixabay
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 26 мамырда Үкіметтегі брифингте қатерлі ісікке қарсы дәрі әзірлеу жұмыстары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта зерттеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

"Жыл соңына дейін бұл дәріні тіркеуді жоспарлап отырмыз. Қыркүйек айында Қарағанды, Алматы және Астана онкологиялық орталықтарындағы клиникалық сынақтардың қорытындысы бойынша жеке брифинг өткіземіз. Бұған дейін оны ертерек жариялауды жоспарлаған едік, бірақ клиникалық сынақтар әлі жалғасуда. Содан кейін бірден тіркеуге береміз", – деді Нұрбек.

Оның айтуынша, алғашқы сынақ кезеңі Алматыда тоқ ішек қатерлі ісігі бар науқастарға жүргізілген.

"Ісік пен метастаздардың таралуы 30%-ға азайды. Екінші кезеңде дозаны нақтылау және басқа қатерлі ісік түрлеріне әсерін тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бірінші кезеңде ең төменгі доза қолданылды", – деді министр.

Бұған дейін Қазақстанда онкологиялық және қызыл жегі ауруларын емдеуге арналған жаңа заманауи дәрілер сатып алынатыны хабарланған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды