Қазақстан Ресей мұнайын Қытайға транзиттеу арқылы қанша табыс таба алады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында Ресей мұнайын Қазақстан аумағы арқылы Қытайға тасымалдауға қатысты келісімнің егжей-тегжейін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, Ресей мұнайын ҚХР-ға жеткізуді ұлғайту туралы келісім Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.

"Кеше қосымша 2,5 млн тонна Ресей мұнайын Қытайға тасымалдау туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісім транзиттік әлеуетімізді нығайтады және қосымша табыс әкеледі: 10 жыл ішінде шамамен 250 млн доллар түсім күтеміз", – деді министр.

Бұған дейін, 2026 жылғы 18 мамырда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы өсіп келе жатқаны хабарланған еді. Қаңтар–наурыз айларында тауар айналымы 10,5%-ға артып, 32,9 млрд доллардан асқан. Қытай Қазақстан экспортының ең ірі сатып алушысы болса, Ресей ЕАЭО ішіндегі негізгі жеткізуші ел болып отыр.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті