Алматының 16 оқушысы халықаралық олимпиададан түгел жүлдемен оралды

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыдағы №90 мектеп-лицей оқушылары Түркияда өткен FEMO халықаралық олимпиадасында 16 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыдағы №90 мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушылары Анталия қаласында (Түркия) 30 мамыр мен 1 маусым аралығында өткен FEMO (Future Intelligence Students Mathematics Olympiad) халықаралық олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті.

Жас математиктер халықаралық деңгейде мектеп пен Қазақстанның абыройын асқақтатып, 16 медаль жеңіп алды.

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл сайын өтетін олимпиадаға Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Беларусь, Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Германия, Польша, Франция, Индонезия, Армения және Кипр сынды 18-ден астам елдің өкілдері қатысады.

Биылғы оқу жылында олимпиадаға 6 000-нан астам оқушы қатысты. Оның ішінде 570 қатысушы финалдық кезеңге жолдама алып, шамамен 200 оқушы жүлдегер атанды.

№90 мамандандырылған мектеп-лицейі оқушыларының жетістігі ерекше мақтаныш тудырады. Мектептен қатысқан 16 оқушының барлығы жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрініп, 6 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль иеленді.

FEMO олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

3-сынып

Әди Дамирұлы — күміс;

Жәңгір Жақсылық — қола.

4-сынып

Алмат Анарбеков — алтын;

Жәнібек Түркібаев — алтын;

Тимур Изимов — алтын;

Даниал Сапарбаев — күміс;

Әлихан Аязбаев — күміс;

Нұрсұлтан Жексенбиев — қола;

Сафина Мұқажан — қола;

Давид Лесников — қола;

Диас Мамедалиев — қола;

Әлихан Қалдыбаев — қола.

5-сынып

Дінмұхамед Меңдібаев — алтын;

Ескендір Сағынбек — алтын;

Аңсар Көбеген — қола.

6-сынып

Дархан Елеусіз — алтын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Синоптиктер болжамы: бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт нашарлайды

4 маусым - мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

World Boxing әуесқой боксшылардың әлемдік рейтингін жариялады. Тізімде қазақстандық боксшылар да бар

Бірінші сынып оқушылары үшін қазақ тілінде бейімделу бағдарламасы енгізілуде