Қазақстан бойынша "CVK" қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды: миллиондаған қаржыға тыйым салынды

Фото: pexels
Қаржылық мониторинг агенттігі бүгін, 2026 жылғы 8 маусымда "CVK" қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру еліміздің бірден 14 өңірінде жүргізілуде.

"Жоба өзін маркетплейс ретінде таныстырып, қатысушыларға тұрақты табыс әкелетін түрлі инвестициялық "дүкен" пакеттерін сатып алу ұсынылған. Сауда қызметін имитациялау мақсатында жеке кабинетте шын мәнінде болмаған тауарларға қатысты орындалған тапсырыстар мен жеткізілімдер көрсетіліп, сол үшін виртуалды сыйақылар есептелген. Негізгі назар реферальдық жүйеге аударылған: қатысушыларға жаңа салымшыларды тартқаны үшін қатысушыларға ақшалай бонустар мен бағалы сыйлықтар уәде етілген",- делінген ақпаратта.

Агрессивті өңірлік маркетинг пен ауқымды жарнамалық науқанның нәтижесінде ұйымдастырушылар заңсыз схемаға шамамен 1,5 мың салымшыны тартқан.

Жобаны ілгерлету мақсатында жабық үгіт-насихат кештері, кеңселердің салтанатты ашылу рәсімдері және жаппай таныстырылымдар өткізілген. Аталған іс-шаралар әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланып, халықтың сенімін қалыптастыру құралы ретінде пайдаланылған.

"Ақша қаражатын шығару криптовалюталық платформа арқылы жүзеге асырылып, кейін банктік шоттарға аударылған. Агенттіктің жедел шаралары нәтижесінде 474 мың USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды",- деп атап өтті ведомство.

Тергеп-тексеру жалғасуда.

Егер сіз "CVK" қаржы пирамидасының қызметінен зардап шексеңіз, тұрғылықты жеріңіз бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменттеріне жүгіне аласыз.

Бұған дейін рақымшылыққа ілігіп, қайта қылмыс жасаған қазақстандық туралы жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

ІІМ дабыл қағуда: желіде балаларға арналған шабуыл өршуде

Алматыда жылтырға оралған ер адамның денесі табылды

Әскердегі әскери-медициналық қамтамасыз ету ережелері өзгерді

Қазақстандықтарды Украинадағы call-орталықтар арқылы есірткі бизнесіне тартқан