ЖСН-ді шетелдіктерге қашықтан сатқан: Астанада ауқымды схема ашылды

Фото: Zakon.kz
Астанада бір топ адам, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ қызметкерлері де бар, шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) заңсыз бергені үшін сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы мониторинг агенттігі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен сыбайлас жемқорлық тетіктерін пайдалану арқылы шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) заңсыз рәсімдеу схемасын анықтады.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шетел азаматтарына ЖСН беру олардың Қазақстан аумағында жеке қатысуы және міндетті биометриялық сәйкестендіруден өтуі арқылы ғана жүзеге асырылады. Алайда 2024–2025 жылдары өтініш берушілердің елге келуінсіз-ақ ЖСН рәсімдеуге заңсыз көмектесетін қылмыстық схема ұйымдастырылған",- деп мәлімдеді ведомство.

Схеманы жүзеге асыру үшін әлеуметтік желідегі арна пайдаланылып, сол арқылы ЖСН-ды қашықтан алуға мүдделі шетел азаматтары іздестіріліп, тартылған.

"Қылмыстық әрекетке "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалының қызметкерлері тартылған. Олар ХҚКО ақпараттық жүйесіне көрінеу жалған мәліметтер енгізіп, ЖСН алуға қатысты жалған өтінімдер рәсімдеген. Заңсыз сыйақы делдалдар арқылы банк аударымдары түрінде беріліп, кейін схемаға қатысушылар арасында бөлінген",- деп толықтырды ҚМА.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бұған дейін Қаржы министрлігі Қазақстан бюджетінің 2025 жылғы орындалуын түсіндіріп бергенін жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр