Ақмола облысында жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Фото: primeminister.kz
Ақмола облысында камералар мен ақылы жолдардан жалтару әрекеттері жауапкершілікке әкелді.

Ақмола облысында 10-14 маусым аралығында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.

Аталған бес күн ішінде полиция қызметкерлері 1275 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Ең жиі тіркелген бұзушылықтардың қатарында қауіпсіздік белдігін тақпау – 681 дерек, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану – 237 дерек бар.

Сонымен қатар, мас күйінде көлік басқарудың 31 фактісінің жолы кесілді. Полицейлер жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын анықтауға ерекше назар аударды. Іс-шара барысында осындай 12 дерек тіркелді.

Мәселен, Астана – Атбасар және Астана – Петропавл автожолдарында ВАЗ көліктерінің иелері жалған нөмірлік белгілерді пайдаланғаны анықталды.

Сондай-ақ Астана – Қарағанды – Алматы тасжолында жүк көлігінің жүргізушісі ақылы жол учаскелерінде төлем жасаудан жалтару және құқық бұзушылықтарды тіркеуден жасыру мақсатында тіркелген мемлекеттік нөмірлерді жалған нөмірлермен алмастырған. Аталған құқық бұзушылық полиция қызметкерлерімен дер кезінде анықталып, жолы кесілді.

Рейдтік іс-шаралар барысында 117 көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Полиция өкілдері жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдалану ауыр құқық бұзушылық болып саналатынын және заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды

Ақсу қаласында трансформатор өртенді

Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті