Қасым-Жомарт Тоқаев: Карағанды медициналық университетіне Петр Поспеловтың есімін беру – тарихи әділеттілік

Фото: akorda.kz
2026 жылғы 18 маусымда Ақордада Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды медициналық университетіне атақты ғалым әрі ұйымдастырушы Петр Поспеловтың есімін беру туралы бастаманы қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, бұл шешім тарихи әділеттілікті қалпына келтірудің маңызды қадамы болмақ.


"Үкімет пен медицина қауымдастығының Қарағанды медициналық университетіне оның негізін қалаушы және көпжылдық жетекшісі Петр Моисеевич Поспеловтың есімін беру жөніндегі бастамасын қолдаймын. Бұл шешім осы көрнекті тұлғаның 125 жылдық мерейтойы қарсаңында тарихи әділеттілікті қалпына келтірудің айқын көрінісі болады", – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Астана медицина университетіне ұлттық мәртебе беруді және оған ғалым Төрегелді Шармановтың есімін беру бастамасын да қолдайтынын жеткізді.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтар eGov.kz және мемлекеттік сайттардың жұмысындағы ақауларға шағымданды

Құрылтай депутаттарын сайлау: шетелдегі учаскелер қалай жұмыс істейді

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

31 мың көрермен және 50 елден келген жанкүйерлер: Алматы Канье Уэстің концертінен қанша табыс тапты